×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

"Бұл үшін балаларымыз төлейді": Қазақстанда АЭС салынбауы мүмкін

13.07.2023, 15:09
"Бұл үшін балаларымыз төлейді": Қазақстанда АЭС салынбауы мүмкін
Коллаж: Ulysmedia.kz

"Самұрық-Қазына" төрағасы Нұрлан Жақыпов Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қор басшысы өткен жылы шешілгендей болып көрінген мәселені қайта қарауға болатынын айтты. Ол мұны атом электр станциясын салу үшін көп су мен ақша қажеттігімен байланыстырды.

"Атом электр станциясы салына ма, жоқ па – шешім қабылдау үшін көптеген факторлар бар. Шешім қабылданған кезде, құрылысты кім жүргізетінін айтуға болады, ол "Росатом" немесе басқа компания бола ма. АЭС салатын орынға  байланысты сұрақтар бар. Біз қай жерге салатынымызды анықтауымыз керек. Ол үшін бірқатар талаптар бар: су, экология. Қазақстанда су мәселесі қиын. Каспий мен Балқаш тартылып барады", - деді ол.

Жақыпов сонымен қатар құрылыс кем дегенде 10 жылға созылатынын және арзан тұрмайтынын атап өтті. 

"Мемлекет ретінде осындай тарифке шамамыз жете ма? Біз бәріміз жарықты қолданамыз, ұялы телефондарымызды зарядтаймыз, интернетке кіреміз, теледидар көреміз. Ал егер ертең атом электр станциясын салсақ, онда электр энергиясының құны қандай болады? Мұнда барлық факторларды ескеру керек", - деді ол.

Сонымен қатар, қор басшысы Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы бар екенін мойындайды, алайда ол атом электр станциясының құрылысы мәселені шешудің ең оңтайлы деп есептемейді.

"Егер біз оны салсақ, гипотетикалық түрде ол бұл тапшылықты жабады, бірақ құрылыс шамамен 10 жылға созылады, бұл өте үлкен ақша. Бұл электр энергиясы үшін кім төлейді? Біз, балаларымыз төлейді. Біз оларға не қалдырамыз? Бұл таразылануы тиіс шешім, мұнда барлық жағынан дұрыс талдау жасау керек", - деді ол.

Жақыпов өз жауабын қоғамдық пікірді де ескеру керек деп қорытындылады. Ол атом электр станциясының құрылысы бойынша әлі де "бірқатар үлкен мәселелер" бар деп санайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі референдумға шығарылмайтынын айтқан болатын.

«Бұл мәселе (АЭС құрылысы туралы) референдумға шығарылмайды. Бірінші мәселе станцияны орналастыратын жерге қатысты болып тұр. Екіншіден, технология мен қаржылық-экономикалық модель маңызды тақырып», - деген еді Нұрмағанбетов.

Ал Қазақстан президенті Қасым–Жомарт Тоқаев АЭС салынатын болса, міндетті түрде халықпен санасатынын айтқан еді.