×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қар жауады, шаңды дауыл соғады – еліміздегі ауа райы болжамы

11.10.2021, 14:21
Қар жауады, шаңды дауыл соғады – еліміздегі ауа райы болжамы
фото: Ашық дереккөзден

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылғы 12-14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Кезең ішінде ауқымды антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 12 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ республика бойынша түнде және таңертең тұман, солтүстікте — көктайғақ, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болжанады. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температураның біртіндеп жоғарылауы 13...20-ға дейін, солтүстікте, шығыс пен орталықта 8...15-ке дейін, оңтүстік өңірлерде 13...20-ға дейін болады», - дейді синоптиктер.