×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Тоқаев тоқетерін қашан айтады - Ашынған ұстаздар президентке ашық хат жазбақ

12.10.2021, 10:03
Тоқаев тоқетерін қашан айтады - Ашынған ұстаздар президентке ашық хат жазбақ
фото: Ашық дереккөзден

Нұргүл Әбілдина деген мұғалім президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап әлеуметтік желіде жазба жариялады. Ол бұған дейін мемлекет басшысы мен бірқатар лауазымды тұлғаға хат жазған ұстаз Бақытжан Бейсенбаев жайлы баяндады. Әбілдина мәселе шешілмегендіктен енді барлық мұғалім бірігіп, ашық хат жазуға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Тоқаев тоқетерін қашан айтады? Ашынған ұстаздардың ашық хаты.

Бұл не сұмдық? 37! жыл емес қой! Әділдік, шындық іздеген адам жазаланады да, ал қызметкерлерінен заңсыз қаражат жинаған басшы бір креслоны екіншісіне айырбастап, жайбарақат өмір сүреді! Тіпті миығынан күліп отырған да шығар? Дені сау, ақыл-есі дұрыс адамды психикалық ауытқулары бар, қоғамға қауіпті адам ғып көрсеткені қай сасқаны?!

Коррупция мемлекет қауіпсіздігіне төніп тұрған қатерлі құбылыс, ол еліміздің барлық аймағында тамырын терең жайып үлгерді. Түркістандағы жағдайды төтенше жағдай деп жариялауға болады. Ашынған ұстаздар Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жазып, жанайқайын жеткізбек.

Егер осы хат Конституция кепілі - президентке жетіп, ол мәселені бір жақты қылып шешіп берсе, онда басқа лауазымды тұлғаларды, құзырлы органдарды қайтеміз? Халықтың жағдайын ойламаса, тиісті шешім қабылдамаса, қызметтерінен босатылсын, кетсін, халықтың ашуын, ызасын келтірмесін. Президентке еріккеңдіктен шығып отырған жоқ олар, шарасыздықтан», - деп жазды Әбілдина фейсбук парағында.

Бұл істің мән-жайына келсек, бұған дейін Бақытжан Бейсенбаев деген ұстаз әлеуметтік желіде ашық хат жариялап, мектеп директоры оны «ұжымға қарсы шықты» деп айыптап, сотқа да тартқанын айтқан болатын.

«Құрметті президент Қ.К.Тоқаев, бас прокурор Ғ.Нұрдәулетов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы М.Ахметжанов, ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев, білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов!!!

Президентіміздің жолдауындағы: «Біз сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамдарды қолдауымыз тиіс» деп айтқан сөздерін басшылыққа алып, Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы 17 Ы.Алтынсарин мектебінің директоры Халида Кабулованың және оның орынбасарларының өзара сыбайласып, мұғалімдерден ай сайын ақша жинау үрдісін арттырып жібергенін айттым. Ай сайын өз айлығымнан беруге мәжбүр болған 10-15 мың теңгенің есебін сұрадым. Оған дәлелдерімді көрсеттім.

Алайда осыған қарамай мектеп директоры мен оның орынбасарлары мені жұмыстан шығарып жіберді. Менің емделуге сұранып жазған өтінішімді бұйрықтар кітабынан өшіріп, менің 17 жылдық тәжірибем мен үш жоғарғы білімімді ескермеді. Математика, физика пәндерінен жемісті еңбек еткен марапаттарыма да қарамады. Қазір екі жылдан бері жұмыссыз қалып, әділетікке жете алмай келе жатырмын. Себебі ҚР құзырлы органдары арыздарымды тексермей төменге сілтей салады, немес «отписка хаттар» жібере салады. Қазір директор Кабулова Халида өз қалауымен қызметінен кетіп, Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінде әдіскер қызметіне орналасты. Бірақ менің атыма 2006 жылдан бері «қоршаған ортаға қаупі бар психикалық ауру» деген құжатты Сарыағаш аудандық полиция майоры М.Пернебаев пен майор М.Әбдукәрімовтардан заңсыз жолдармен жасатып алып, фейсбук желісіне таратып жүр», - деп жазды Бейсенбаев фейсбук парағында.