Ішкі істер министрлігі оқиға 8 мамырда тіркелгенін хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.
«Екінші бейнежазбада басқа 1989 жылы туған Б. есімді азамат бейнеленген. Әкесі жоқ, анасы зейнеткер. 8 мамырда ер адам флористт қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен. Тұран аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына жанжал туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барған. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартқан», - деп хабарлайды ІІМ.
Бұл жайтқа қатысты қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен "Жәбiрленушiнiң өмiрiне н/е денсаулығына қауiптi емес күш қолданып тонау" сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Сондай-ақ істің ақ-қарасын ажырату кезінде қара футболка киген азамат биыл 19 мамырда отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері екені анықталды», - деп хабарлайды полиция.
Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкенттегі гүл дүкендерінің бірінде ер адамның флористі итеріп, гүлді алып кетіп бара жатқан видеосы тараған еді. Әуелі ол “прокурордың ұлы” деген әңгіме тараған. Алайда Шымкент прокурорлары ол адамның прокуратураға қатысы жоқ екенін, ешқандай прокурорға туыс емес екені” жөнінде ақпарат таратқан.
Кейін әлеуметтік желіге екінші видео тарады. Онда да гүл дүкені қызметкерлеріне белгісіз ер адамның қайшы алып, қорқытқанын көруге болады. Екінші тараған екі видеоның бірі бойынша кінәлі адам анықталып, оның 7 тәулікке қамалғаны белгілі болды. Ол видео арқылы кешірім сұрады. Алайда әлеуметтік желі қолданушылары бірінші видеодағы адамның кім екенін сұрастыра бастады. Ақыры, Ішкі істер министрлігі екінші видеодағы адам экс-полицей екенін растап отыр.