×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«Қызылорда-Шымкент» тас жолының ақылы болуына жүргізушілер наразылық танытты

12.10.2021, 10:41
«Қызылорда-Шымкент» тас жолының ақылы болуына жүргізушілер наразылық танытты
фото: Ашық дереккөзден

Алдағы айдан бастап «Қызылорда - Шымкент» тас жолы ақылы болады. Шақырымына жеңіл көліктер 1 теңгеден, жүк көліктері 5 теңге мен 25 теңге аралығында төлемек. Бұл ақпарат көлік жүргізушілерінің наразылығын тудырды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Наразы топ мұны жығылғанға жұдырық деп бағалайды. Жанар-жағармайдың бағасы шарықтап тұрған кезде, жолға ақы төлеуге міндеттеу ақылға сыйымсыз дейді. Оған қоса таситын жүк үшін берілетін қаржы да мардымсыз көрінеді. Айтуларынша, 1 тонна күрішке 8 теңге береді. Жағармай таппай жүргенде, жолға ақы қалай төлейміз деп ашулы, дейді Астана телеарнасы.

«Ақы төлеуге халықтың ешқандай жағдайы дұрыс емес қой әлі, солярка анау өзің білесің, кеше Алматыға бара жатқанда 170, қайтарда 260-тан заправка жасалып жатыр. Ол табылса жасалып жатыр», - деді жүк тасымалдаушы Баубек Бақтығұл.

«Малдан қорғайтын қоршау белгілері де аз. Жолда түнде кетіп бара жатсаң, мал да жүріп жатады. Оны қағып жатқан адам қаншама. Құдай сақтасын, өліп кетіп жатқандар да қаншама», - деді жүк тасымалдаушы Азамат Сәрсенбаев.

Осылай деген көлік жүргізушілері тасжолдың қазіргі күйі де көңіл көншітпейді дейді. Көліктер жиі бұзылып, тапқан-таянғанымызды онсызда жөндеу жұмысына береміз деп қосты. Мәселеге жауаптылар болса, түскен қаражат жолдың жөндеу жұмыстарына жұмсалатынын айтты. Ал бекітілген баға еш өзгермейтінін жеткізді. Мысал ретінде ең алғаш 2013 жылы ақылы болған «Нұр-Сұлтан-Щучинск» тасжолын келтірді. Қазіргі баға сол кезде қойылған дейді.

«Жеңіл көлікке 1 тг 1 шақырымы, ауыр көлік үшін 5 тг мен 25 тг аралығында, артылып алған жүгіне байланысты. Ол тариф әлі өзгерген жоқ, өзгермейді де. Бұл сұрақты өйткенде министрлік айтты бұл тарифті өзгертпейміз деп. Бұл тариф өзгермейді. Яғни жүк көлігі үшін 5 тг мен 25 тг-нің аралығы жүгінің көлеміне байланысты. 15 тг-ден жоғары болып кетсе 25 тг», - деді «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Диас Ахметшәріп.

Жүк тасымалдаушылар болса, бұл жауапқа қанағаттанбады. Олар жолдың тегін болуына қол жеткізбей тынышталмаймыз дейді.