×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Маңғыстауда мұнайшылар президент Тоқаевқа жүгінді

13.08.2023, 11:39

Маңғыстау облысының кен орындарының бірінде мұнайшылар жұмыстан қысқарып жатыр. Олар Тоқаевқа жүгінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

«TOTAL E & P Dunga» компаниясының Түпқараған ауданындағы жиырмаға тарта жұмысшысы видеоүндеу жариялады. Бұл туралы Lada.kz ақпарат көзі жазады.

«TOTAL E & P Dunga» жұмысшылары компания басшылығы мердігер ұйымға ауыстырғалы жатқанын хабарлайды. Компания тікелей келісімшарттағы персоналды қысқартпақ. Тиісті хабарлама 10 адамға келген.

“Жұмыс орнымызда қалғымыз келеді. Жаңа жұмыс орнында бізді не күтіп тұрғанын кім білсін?! Жиналыс өткізіп, не үшін қысқарып жатқанымызды білгіміз келеді. Біздің жағдайда жұмысшылардың құқығы бұзылып тұр”, - дейді олар.

Серіктес жаңалықтары