×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Аңдаусызда жаза бастым»: Ыбықты сайда вандал атанған шенеунік көзіне жас ала кешірім сұрады

28.08.2023, 14:30
видеодан кадр

Маңғыстау облысындағы Ыбықты сайда вандал атанып, балғамен жазу жазған ақтөбелік шенеунік Манас Көшербаев әлеуметтік желіге видео жариялап, кешірім сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мен Көшербаев Манас Маратұлы! 24 тамызда Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Ыбықты сай жерінде болған жағдайға байланысты видеоүндеу жариялап отырмын. Ыбықты сай – Маңғыстаудың ең көркем, ең керемет жерінің бірі. Өкініштісі, қараусыз қалған, жол өте нашар. Жан-жағы қоқысқа толы. Сол әдемі, керемет үңгірлерде түрлі жазулар, әдепсіз әрі дөрекі сөздер көп. Сондай дөрекі сөздерді әдемі есімге айналдырмақ ниетім болды. Аңдаусызда жаза бастым, Ағайын. Жаңлымайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Аса қатты сөкпеңіздерші. Тарихзи жәдігерге қыл да болса қиянат қылу ойымда болған жоқ. Маңғыстаудың жұртының, отандастарымның алдында басымды иіп кешірім сұраймын. Ғафу етіңіздер, ағайын!» - дейді ол әлеуметтік желіде.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстауда Ыбықты сайға есімін қашап жазған вандалдың кім екені анықталған еді. Ол Ақтөбенің мәдениет қызметкері болып шықты

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде отвертка, балға сияқты құрылыс материалдарымен Ыбықты сайдағы шатқалға есімін қашап жазып жатқан ер адамның видеосы тараған еді. Вандалдың әрекеті әлемжелі қолданушыларының ашуын туғызып, “мұра қалдырушыны” полиция іздеп кеткен.

Серіктес жаңалықтары