Ақтөбедегі Неке сарайында әйел адам пышақ жарақатынан көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға бұрынғы күйеуі қатысы болуы мүмкін. Неке сарайында әйелдің қасында қазіргі азаматтық некедегі жолдасы да болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиғаның мән-жайы
Ақтөбе қаласындағы Неке сарайында әйел адам пышақ жарақатынан көз жұмды. Полиция қызметкерлері оның мәйітін ғимараттан алып шықты. Оқиға куәгерлері бірнеше полиция көлігінің келгенін айтады.
Қайғылы оқиға бүгін, 3 қараша күні түске дейінгі уақытта болды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, барлығы санаулы минуттың ішінде болған. Алдымен ғимарат ішінен айқай естіліп, артынша полиция шақырылған. Куәгерлер әйел адамның қанға боялып, еденде жатқанын айтады.

Олардың сөзінше, жанжалға әйелдің бұрынғы күйеуі себеп болуы мүмкін. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел Неке сарайына азаматтық некедегі жұбайымен бірге келген. Сол жерде бұрынғы күйеуі оның бірнеше баласы бар екенін айтып, жанжал шығарған деген болжам бар.
Неке сарайының қызметкерлері оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартты. Олар қылмыстық іске байланысты ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.
Полицияның ресми мәліметінше, аталған дерек бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.
– Полиция қызметкерлері жедел-іздестірушаралары барысында күдіктіні ізін суытпайанықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытшаұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қылмыстың себептері мен салдарын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полиция департаменті.