×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«База істемейді»: Өскеменде авто ХҚО-ға жиналғандар құжаттарын реттей алмай әлек

04.09.2023, 12:03
Фото: Скриншот

Өскемендегі автокөлікке қатысты құжаттарын рәсімдеуге келген тұрғындар өткен аптадан бері халыққа қызмет көрсету орталығының табалдырығын тоздырып, құжат жұмыстарын аяқтай алмай әлек болып жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Өткен аптаның жұмасынан бері жүрміз. Арамызда мемлекеттік нөмірін ала алмай жүргендер де, техпаспортын ала алмай жүргендер де бар. Барсақ база істемей тұр дейді. 15 минутта дайын болатын құжаттарды күтіп жүргенімізге 3 күн болды», - дейді Ulysmedia.kz порталына хабарласқан оқырманның бірі.

Жалпы мұндай шу бұған дейін Астанада да болған. Астанадағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы маусым айында келген азаматтарға қызмет көрсете алмай қалған еді. Орталық қызметкерлері оған ІІМ базасының істен шығуы себеп деп түсіндірген. Ол жөнінде азаматтарға ешқандай ескерту хабарлама жіберілмеген.

Серіктес жаңалықтары