×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Маңғыстауда 73 жастағы әже әлі күнге дейін зейнетақы ала алмай отыр

20.09.2023, 12:37
Фото: Скриншот

Қарлығаш Сұлтанқызы Маңғыстау облысын Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылы Еміл елдімекенінде тұрады. 73 жастағы қарт ана әлі күнге дейін зейнетке шыға алмай отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлының айтуынша, отбасы 1984 жылы Түрікменстаннан көшіп келген. Өмір бойы жолдасы екеуі Жыңғылды ауылында мал баққан. Қазақстан азаматы. Мал бағып жүрген уақытта құжаттарын жоғалтып алған. «Анамыздың құжаты жоқ, жасы 73-ке келді, зейнетақы әлі алмайды» дейді ұлы.

Журналист Мадина Жатқанбаеваның айтуынша, жергілікті билік әжеге «құжаттарын жөндеп береміз» деген. Алайда уәде орындалмай келеді. Қарт ананың мемлекеттік органдардағы шенеуніктерге өкпесі қара қазандай.

Бүгін ОКҚ алаңында журналистер Қарлығаш Сұлтанқызының мәселесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шенеуніктері алдында көтерген. Министрліктің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов жауап берді.

«Айтып отырған жағдайларыңызға қарағанда, жергілікті органдар жұмыс істеген шығар. Фамилиясын, аты-жөнін бәрін жазып алдым. Рұқсат болса, жеке сандық нөмірін берсеңіз. Толық осы кісінің мәселесін зерттеп, жауап беремін», - деді Төлеген Оспанқұлов.

Серіктес жаңалықтары