×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

«Мұнда дәріс оқудың қажеті жоқ» – Нығматулин вице-премьерді сынға алды

20.10.2021, 13:38
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин тікелей жауаптан жалтарғысы келген вице-премьер Ералы Тоғжановты сынға алды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«2021 жылғы қарашаның үшінші онкүндігінен бастап қайта вакциналау жүргізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында вакциналауға жататын контингентті 9,9 миллионнан 11,4 миллион адамға дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды. Бұл шара ұжымдық иммунитетке 60% деңгейінде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алайда 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында вакциналау мен ревакциналау үшін екпе сатып алуға бюджет қаражаты көзделмеген. Айтыңызшы, вакцина қандай қаражат есебінен сатып алынады»? – деп сұрады Тоғжановтан мәжілісмен Жәмилә Нұрмамбетова бүгінгі отырысында.

Вице-премьер осы сұраққа берген жауабында келесі жылы қабылданатын шаралар туралы айта бастады.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тікелей ұсыныстарына сәйкес, 20-дан астам елдің тәжірибесін ескере отырып, біз қарашаның үшінші онкүндігінен бастап қайта вакциналау жұмысы жүргізу туралы шешім қабылдадық. Оның ішінде алты айдан кейін-белсенділігі жойылған вакцина үшін, ал векторлық вакцина үшін – тоғыз айдан кейін ревакциналау басталады. Бірінші кезекте алдыңғы қатарда жүргендер – дәрігерлер, мұғалімдер, сондай-ақ 60 жастан асқан азаматтар жыл соңына дейін осы вакцинамен толық қамтамасыз етіледі. Жалпы, 800 мың адамды қамту жоспарланған, оның ішінде 100 мың адам жыл соңына дейін вакцинамен қамтамасыз етіледі. Келесі деңгейлер кезең-кезеңмен жүргізіледі. Келесі жылы біз 2 миллионға жуық адамды қамтуды жоспарлап отырмыз. Егер халықаралық ұйымдардың нақты ұсыныстары болса, ал 2023-2024 жылдарға-эпиджағдайға байланысты болады, екіншіден, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, шаралар қабылданады. Қазақстанның барлық халқы вакцинамен, оның ішінде ревакциналаумен қамтамасыз етіледі», - деді Тоғжанов.

Алайда Тоғжановтың бұл жауабы мәжіліс спикерін қанағаттандырмады.

«Біз комиссияның қалай жұмыс істейтінін білеміз. Сұрақ тікелей қойылған еді. Нақтырақ айтқанда, ревакциналау үшін 2022-2024 жылдары республикалық бюджеттен қаражат қарастырылмай отырғаны айтылды. Сол жылдары екпені қай ақшаға сатып алмақсыздар? Қаражат резервтен алына ма? Қай жерден?» - деп қайтара сұрақ қойды мәжіліс спикері.

Тоғжанов бұл мақсатта қаражат үкімет резервінен алынатынын мәлім етті.

«Міне, осылай жауап беру керек. Әйтпесе сіз айтқан ақпараттың бәрінен хабарымыз бар. Құрметті үкімет мүшелері, осындай сұрақтарға тікелей нақты жауап беруді сұраймын. Мұнда дәріс оқудың қажеті жоқ. Дәрісті басқа аудиторияларда оқу керек», - деді палата басшысы.

Серіктес жаңалықтары