×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Ұлттық валютаға 30 жыл: 1993 жылдан бері теңге бағамы қалай өзгерді

15.11.2023, 09:20
Коллаж Ulysmedia.kz

Бүгін ұлттық валютаның енгізілгеніне  30 жыл толды. Өз тарихында теңгеміз бірнеше девальвацияны бастан өткерді. Алайда статистика көрсетіп отырғандай, барлық уақытта теңге тек шетел валюталарына әлсіреді. Егемен Қазақстанның әртүрлі кезеңдеріндегі теңге бағамын Ulysmedia.kz редакциясы шолып шықты.

Тарихтан сыр

Қазақстан рубль аймағынан бұрынғы Кеңес Одағының соңғы елдерінің бірі болып шықты. 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта айналымға енгізілді. Сол кезде 1 теңге шамамен 500 рубльге бағаланды.

Қазақстанның алғашқы ақшасын "Харрисон мен ұлдары" атты ең көне ағылшын компаниясы басып шығарды. Еліміздің өз банкнот фабрикасы 1995 жылы ашылды. Бүгінгі таңда 18 қорғаныс дәрежесі бар қазақстандық теңге әлемдегі ерекше қорғалған валюталардың қатарына кіреді.

Қазіргі уақытта елімізде айналымдағы қадір-қасиеті ерекше банкноттар – 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңге, сондай-ақ монеталар – 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 және 200 теңге.

Үнемі құлдырау

1993 жылдың соңында бір доллардың құны 4,69 теңгені құрады, бірақ 1994 жылы доллар 35,64 теңгеге дейін көтерілді.

Девальвация

Бірінші девальвация 1999 жылы 4 сәуірде болды. Ол кезде АҚШ долларының бағасы 119,52 теңгені құрады.

Екінші девальвация 2009 жылы орын алды. Сол сәтте доллар бағамы 147,50 теңгеге дейін көтерілді. Сарапшылар мұндай құлдырау әлемдік экономикалық дағдарыстың күрт төмендеуімен, сондай-ақ мұнай бағасының төмендеуінің әсерінен екенін айтты.

2014 жылы теңге бір доллар үшін 185 теңгеге дейін әлсіреді. Ұлттық банк бағамды жасанды түрде тежеуді тоқтатты және ұлттық валюта "еркін өзгермелі бағамға" көшті.

Пандемия кезінде

Covid-19 кесірінен болған әлемдік экономикалық дағдарыс қазақстандық валютаға айтарлықтай әсер етті. Доллар орташа жылдық мәнде 426,03 теңгеге дейін көтерілді.

Бүгінгі таңда АҚШ доллары орташа бағамы 463,65 теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 15 қарашадан бастап Қазақстан Ұлттық Банкі ұлттық валютаның 30 жылдығына арналған номиналы 10 мың теңге болатын мерейтойлық банкнотты айналымға шығарды.

Серіктес жаңалықтары