×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Премьер-министрдің кеңсесі автокөлік жалдауға 167 млн теңге жұмсамақ

22.10.2021, 09:46
Коллаж: ulysmedia.kz.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы ырыққа көнбей жатса да Нұр-Сұлтанның шенеуніктері өз жайына келгенде мемлекеттік бюджеттің ақшасын аяғысы келмейтін секілді. Бұлай дейтініміз, ҚР премьер-министрінің кеңсесі көлік қызметі үшін 167 млн теңге жұмсағалы отыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл ретте премьер-министрдің кеңсесі жалдайтын көліктердің нөмірлік белгілері KZ, QR, UD литерлі болуы керектігін талап еткен.

«Көліктік қамтамасыз ету бойынша қызметтер KZ, QR, UD әріп индексімен, мемлекеттік тіркеу нөмірлі белгілері бар автокөліктермен, автобустармен және микроавтобустармен көрсетілуі керек», - делінген жарияланған лотта.

Бюджеттің 167 млн теңгесімен премьердің кеңсесі 11 автокөлікті өздері, ал 14-ін меймандарды күту үшін жалдағалы отыр. Сонымен қатар лотта автокөлікке міндетті талаптар да қойылған:

- автокөлік 11-ден кем болмауы керек;

- оған қоса 14-і меймандарды күтуге арналуы тиіс;

- мемлекеттік тіркеу нөмірлері – KZ, QR, UD;

- кузов түрі: седан;

- шығарылған жылы: 2009 жылдан ары емес.

«KZ, QR, UD литерлі сериялары бар тіркелген мемлекеттік нөмірлік белгілері бар автокөліктің болуы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Парламентінің, Үкіметінің және басқа да мемлекеттік органдарының аумағына кіру үшін міндетті талап», - делінген құжатта.

Автор Карина Шайих-Закарина

Серіктес жаңалықтары