×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Жемқорлық ісі: Бұрынғы вице-министрлер ақталды

22.10.2021, 14:58
коллаж: ulusmeda.kz

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты энергетика министрлігінің бұрынғы вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевті кінәсіз деп тапты. Олар Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталған болатын, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Істі судья Кемеңгер Имашев қарады. Бақытжан Жақсалиев және Ғани Сәдібеков, олардың әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан, ақталды. Олар Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы Қарасу көлін тазарту барысында аса ірі көлемде өздеріне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденгені немесе ысырап еткені үшін (ҚК 189 б. 4б. 2т.) айыпталған еді. Екі шенеуніктің ісіне де «Аймақ» ЖШС ұйымының қатысы болған.

Іс бойынша басқа сотталушылар да кінәсіз болып танылды.

Прокурор соттан Жақсалиевті кінәлі деп танып, мемлеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырып, сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Ал Сәдібековті мемлекеттік лауызымда болу құқығынан өмір бойына айырып, мүлкін тәркілеп, 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Сәдібеков пен Жақсалиевтің бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгені туралы 2018 жылы белгілі болған еді. Ұрланған ақша сомасы – 778 млн теңге.

Серіктес жаңалықтары