×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Kaspi Gold-та 100 "переводтан" асып кетсе не болады?

09.01.2024, 13:58
Kaspi Gold-та 100 "переводтан" асып кетсе не болады?
sputnik.kz

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Kaspi Gold-пен азаматтардың аударымы 100-ден асып кетсе не болатынын айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Егер азаматтың аударымы асып кетсе, (100 аударымнан) біз оған тексерумен немесе айыппұлмен келмейміз. Біз мәліметтерді алғаннан кейін, аталған талаптан асып кетсе, салық органдарына хабарландыру жібереміз. Ол салық органдары хабарламаны алып, қосымша есепті берсе, ол азамат салық төлеуші ретінде есепке тіркелуі керек. Ол декларация өткізіп, есепке тіркелсе бітті. Біз қателікті өздігімен реттеп, декларация тапсыруға мүмкіндік беріп отырмыз, – дейді Ержан Біржанов үкіметтің баспасөз орталығында.

Оның айтуынша, жеке тұлғалар, туыстары, бауыры, қарындастарына ақшасын өз мақсатына қарай жібере береді.

– Ол аударымдардың саны шектелмейді, – дейді ол.