×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Таксистер де кәсіпкер ретінде тіркелуі керек – Қаржы министрлігі

09.01.2024, 14:54
Фото: Ашық дереккөзден

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов заң бойынша таксистердің бәрі жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керектігін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Қазір осы такси жүргізушілері бойынша арнайы салық режимі бар. Қазіргі заң талаптарына сай ол (таксиші) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Тіркеліп, 1 пайызды салықты мобильді қосымша арқылы төлеуі керек. Болмаса патент алса 1-ақ пайыз салық төлейді. Ол мобильді қосымша арқылы онлайн түрде тіркеле алады, – дейді вице-министр үкіметтің баспасөз орталығында.

Ержан Біржановтың айтуынша, жаңа кодекстердің талаптарына сәйкес, операторға салық төлеушіге ретінде қарау мәселесі пысықталып жатқанын айтты.

– Егер таксиші оператор арқылы жұмыс істесе, ол салықты оператор бюджетке төлесе, міндеттен босатуға қарастырып жатырмыз. Ол болашақ кодекстің нормалары, – деді Біржанов.

Оның айтуынша, таксишілер де заңды шеңберде жұмыс істеуі керек.

Серіктес жаңалықтары