×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Мемлекеттің ақпараттық саясатын жүргізуге бюджеттен қанша млрд бөлінеді

10.01.2024, 15:36
Коллаж: ulysmedia.kz.

Премьер-министрдің сенаторлардың сауалына берген жауабында биыл билік мемлекеттің ақпарат саясатына бюджеттен қанша ақша бөлінетіні жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жергілікті бюджеттерге түсетін салмақ артып келеді

Үкімет басшысы қазір бұқаралық ақпарат құралдары жыл сайын мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржы алатынын хабарлайды. Тапсырыс ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік саясатты және қоғамдағы өзекті тақырыптарды сүйемелдеу, қолдау және түсіндіру үшін беріледі.

Нақтырақ айтқанда, 2022 жылы мемлекеттік ақпараттық тапсырысына БАҚ құралдарына 21,1 млрд теңге (оның – 4,2 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 16,9 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен) бөлген. 2023 жылы бұл бағытта қаражат 25,6 млрд теңгеге дейін (РБ – 4,2 млрд теңге, ЖБ – 21,4 млрд теңге) ұлғайтылған. Ал 2024 жылы мемлекеттік тапсырыс тағы 500 млн теңгеге көп бөлініп, 26,1 млрд теңгені құрайды. Осы соманың 4,2 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, ал 21,9 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен аударылады.

Яғни, осы мәліметтен кейінгі үш жылда республикалық бюджеттен БАҚ-қа бөлінетін қаражат 4,2 млрд теңгеден аспағанын, алайда мемлекеттік тапсырысқа жергілікті бюджеттер бөлетін қаражат жыл санап артып бара жатқанын байқауға болады.

Тоқаевтың былтырғы сөзі

Еске сала кетейік, былтыр Түркістанда екінші Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі "ақпарат саясатын түбегейлі қайта қарау қажет" деп санайтынын айтқан еді. Оның сөзінше, масс-медиа – елімізді жаңғырту ісіне ерекше ықпал ететін сала. Сондай-ақ, билік пен қоғам арасындағы пәрменді байланыс құралы.

– Ақпарат құралдарында түрлі көзқарастар тоғысады. Оны қоғам тынысының барометрі деуге болады. Осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін ақпарат саясатын түбегейлі қайта қарау қажет. Креативті индустрияны жаңа деңгейге көтеруіміз керек. Қазір медиа саласы, кино және сериал, мультфильм, спорт және музыка шоулары, компьютер ойындары мен кітаптар – бәрі бірігіп, біртұтас жүйеге айналды, - деген мемлекет басшысы.

Шу болған Масс-медиа туралы заң жобасы

Өткен айда мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистер ортасында қызу талқыға түскен «Масс-медиа туралы» туралы заң жобасын мәжілісте қорғап, депутаттар құжатты бірінші оқылымда мақұлдаған еді. Десе де, сала сарапшыларының, медиа мамандардың құжатқа көңілі толмайды. Мәселен, Internews халықаралық ұйымының заңгері Ольга Диденко медиа-бірлестіктің көп ұсынысының құжатқа енбей қалғанын айтады.

Диденконың айтуынша, ең бірінші талап – баспасөз картасына байланысты нормалардың бәрін алып тастау болған. Сонымен қатар, журналистерді аккредиттеу тәртібін жеңілдету ұсынылған. Ольга Диденконың сөзінше, аккредитация дәл қазір институт ретінде жұмыс істемейді. Ал жұмыс істеген жерінде әрдайым проблема туындайды. Аккредитациясы бар журналистердің өзі ақпараттың бәріне қол жеткізіп отырған жоқ. Жарияланған материалдың ескіру мерзімін қысқартуға назар аударады.

Серіктес жаңалықтары