×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Назарбаев мектептеріне бұрынғыдай қыруар ақша бөліне ме – басшысы жауап берді

29.01.2024, 08:37
Коллаж: ulysmedia.kz.

Назарбаев зияткерлік мектептеріне мемлекет бюджетінен бөлінетін қаражат қысқара ма? Ulysmedia.kz редакциясына осы мектепке қатысты жиі қойылатын сұрақтың бірі осы. Порталдың бас редакторы Самал Ибраева сұхбат барысында НЗМ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозинге қойды.

– Бұл бағытта ата-аналарды тыныштандырғым келеді. Мектептердің келешегі жайлы бізге де көп сұрақ қойылады. Мектептер тұрғысынан ешқандай сұрақ жоқ. Гранттар шеңберінде үкімет біздің қорғап отыр, – дейді Жанғозин.

Оның айтуынша, қаржыландырудың екінші көзі – нысаналы салым. Яғни жалпы білім беретін қарапайым мектептерде Назарбаев зияткерлік мектептеріндей инфрақұрылым жоқ. 

– Зияткерлік мектептерінің ең басты ерекшелігі – контентінде. Оқу бағдарламасы, бағалау жүйесі, мониоринг жүйесі, сыртқы емтихандар, кадрларды даярлау жүйесі – елде ғана емес, бүкіл әлемдегі оқу ордаларынан бізді ерекшелендіріп тұрған артықшылықтар баршылық. 15 жыл ішінде біз ел ішінде ғана емес, әлемде де жетекші мектептердің біріне айналдық. Себебі қазір біздің түлектерге берілетін сертификаттарын әлемнің 60 жоғары оқу орыны мойындайды. Бұл нені білдіреді? Кембридж, Манчестер сияқты, Қытайдағы бірқатар жоғары оқу орындары біздің түлектердің сертификатын көріп, осындағы оқу талаптары өздерінің талаптарына толығымен сәйкес келетінін айтты. Демек, ол жоғары оқу орындары біздің оқушыларды қосымша емтихансыз оқуға қабылдайды, – дейді ол.

Әнуар Жанғозиннің сөзінше, дәл осы әдістемелік бағытқа бөлінетін қаражат азайған. 2022 жылы бұл бағыттағы қаражат 4 есе азайған. 

– Біз үшін бұл едәуір сын-тегеурін. Білім сапасын арттыру үшін жұмысты қайта форматтау керек. Артынша, сапалы контент пен сапалы оқу бағдарламасын генерациялап, ілгерілету міндеті тұр. Екінші жағынан, осының бәріне біз қазіргі бюджетпен жетуіміз керек. Жалпы қаржыландырудың қысқаруы біз үшін аса үлкен өзгеріс деп тағы айтпас едім. Қалай болған жағдайда НЗМ құрылған кезде ерте ме, кеш пе, бюджет қаржыландыруы азаятыны айтылған. Сол себепті мектепті өзін-өзі ақтайтын дәрежеге жеткізу керек. Сол шаруамен айналысып жатырмыз. Қазіргі өтпелі әрі өзгеріске толы кезең қарқынды дамудың сатысы болар деген сенімдемін, – дейді Жанғозин.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia.kz порталының YouTube-арнасынан көре аласыз.

Серіктес жаңалықтары