×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Әр балаға $100: Сома қалай есептелді

05.02.2024, 13:57
Коллаж: ulysmedia.kz.

БЖЗҚ "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша қаражат қалай бөлінгенін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржы қалай есептелді

БЖЗҚ мәліметтері бойынша, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына 6 919 131 бала қатысқан. Оның ішінде 304 815 қатысушы биыл 18 жасқа толып отыр.

Олардың барлығына $100 және 52 цент мөлшерінде бірдей сома есептелген.

Бұл сома қалай есептелді

Ұлттық банктің хабарлауынша, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі жылдық мәнде 1,39 млрд доллар құраған.

– Бұл ұлттық қордың 18 жылдағы орташа жылдық кірісі. Бұл ретте Ұлттық қордың 18 жылдағы орташа жылдық табыстылығы 2,60% (доллармен) құрады. Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50% – бұл 2024 жылы есептеуге қойылатын нысаналы талаптардың сомасы 695,5 млн доллар, - делінген БЖЗҚ хабарламасында.

Балаға ақша түскенін қалай білуге болады

Ол үшін алдымен kids.enpf.kz сілтемесіне кіру керек. “Ұлттық қор - балаларға” деген БЖЗҚ-ның порталы ашылады. Соның төменгі жағында ЖСН деген ұяшық тұр. Соған балаңыздың жеке сандық нөмірін енгізесіз. ЖСН енгізсеңіз, қанша ақша түскенін байқауға болады.

Әзірге әр балаға 100 АҚШ долларынан (44800 теңге) түсті. Түскен түпкі соманы балаңыз 18 жасқа толғаннан кейін ғана ала аласыз.

Жеті миллионға жуық шот ашылған

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бүгін өткен брифингте БЖЗҚ акционерлік қоғамын "Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасының операторы екенін, балалардың санын салыстырып тексеретінін айтты.

– Балалар өмірге келеді. Бірі 18 жаста. Бұл Әділет министрлігі мен Азаматтарға арналған үкімет жүргізетін үлкен мәліметтер базасы. Біз салыстыруымыз керек, бізде жүйеге кіретін 6,5-7 миллион бала бар. Қаңтар айының соңына дейін үкімет деңгейіндегі бір заңнама қабылдануы керек. Біз барлық жүйеміз дайын, - деді Сүлейменов.

Ақша алушыларға жеті миллионға жуық шот ашылған. Мәліметтер салыстырылғаннан кейін олар толығымен ашылады.

Биыл ақшаны бөлу үшін алдыңғы 18 жылдағы кірістер сомасы алынған. Бұл шамамен 700 млн доллар (316,3 млрд теңге).

2024 жылдан бастап Ұлттық қордан әр балаға 18 жасына дейін әлеуметтік аударым бөлінеді. Ал келесі жылы Үкімет кепілдендірілген трансферт ретінде тағы 3,6 трлн теңге алуды жоспарлап отыр.

Ұлттық қорға 2023 жылы қанша ақша түсті

Ұлттық банк жариялаған есепке сүйенсек, 2024 жылдың басында Ұлттық қордағы ақша көлемі 60,03 млрд долларды құраған. Бұл ұлттық валютамен есептегенде 27,2 трлн теңгені құрайды.

Ұлттық қордың көлемі 2022 жылдың желтоқсанында 55,7 млрд долларды құраған. Яғни бір жылдың ішінде шамамен, қор 4,8 млрд долларға ұлғайған.

2023 жылдың ішінде Ұлттық қордың ең көп толыққан айы – шілде. Бұл айда Ұлттық қордың көлемі 60,2 млрд теңгеге ұлғайғанымен, алынған трансферттер есебінен қайта азайған. Айта кетейік, 2023 жылы қордан бөлінген трансферт 4 трлн теңгені құраған еді.

Серіктес жаңалықтары