×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қолма-қол ақша жеткізуге тура келді – Ұлттық банк елде мобильді аударым азайғанын растады

23.02.2024, 12:53
Қолма-қол ақша жеткізуге тура келді – Ұлттық банк елде мобильді аударым азайғанын растады
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов "мобильді аударымдар бақылауға алынады" деген жаңалықтан кейін аталған төлем расында да, 30 пайызға азайып кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Қаңтар айында (2024 жылы – авт.) жиналған статистикалық мәліметтерге қарасақ, бұл төлемдер (мобильді аударымдар – авт.) 30 пайызға азайып кетті. Сол себепті кейбір нүктелерде бізге қолма-қол валюта жеткізуге тура келді. Себебі адамдар жаңаңалықты естігеннен кейін бәрі қолма-қол ақша іздеп кетті, – деді Тимур Сүлейменов бүгін Ұлттық банкте өткізілген баспасөз мәслихаты барысында.

Оның айтуынша, мемлекеттік кірістер комитеті түсіндірме жұмыстарын жүргізгеннен кейін жағдай реттеліп келе жатқанын, ары қарай да реттеледі деп үміттенетінін айтты. 

– Өйткені қорқатындай ештеңе жоқ, – дейді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық экономика министрі болған Әлібек Қуантыров кәсіпкерлердің мобильді аударымдарды азайтып, қолма-қол ақшаға ауыса бастауын “уақытша тренд” деп атаған еді. Қазақстанның цифрландырылған елдердің қатарында екенін еске салған ол қазақстандықтар бұдан әрі де банктердің цифрлық қызметтерін белсенді пайдаланады деп сенеді.

Саудагерлер не дейді?

Kaspi bank арқылы азаматтардың бір-біріне телефон нөмірін теріп қана жөнелте беретін ақшасы биылдан бастап саябырлай бастағаны анық. Оған «енді переводтың бәрі бақылауға алынады екен» деген әңгіме тікелей себеп болып отыр. Ұсақ саудасы, шағын дүкені, дәріханасы бар азаматтар бұған дейін ақыны аударыммен қабылдай берсе де, биылдан бастап қолма-қол ақшаны талап ете бастаған. Табысының аз да болсын бөлігін салық ретінде бергісі келмейтіндер баршылық.

Салық органдарының өкілдері, экономистер мен сарапшылар бұл тақырыпта айтарын айтып-ақ жатыр. Ал қарапайым саудагер не дейді? Ulysmedia.kz тілшісі базарда саудасы бар біршама адаммен сөйлесіп, олар осы жөнінде не ойлайтынын біліп көрген болатын.

Ал таяуда ұлттық экономика министрі мобильді аударым бойынша өзгеріс қайта қаралатынын айтқан.