×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстандық экспорттаушылар қандай тауарлардың бағасын төмендетті

23.02.2024, 15:02
Фото: дереккөз

Қазақстан шетелге сататын көмір мен газдың бағасын төмендетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

LS.KZ агенттігінің жазуынша, өткен жылдың желтоқсан айында елден ТМД елдеріне экспортталған тауарлар 4,1 пайызға арзандаған. Ал басқа елдерде баға 5,3%-ға өсті.

Қазақстаннан экспортталатын бейорганикалық химия өнімдерінің бағасы ең жоғары - 46,1%-ға және күкірт қышқылы - 32,4%-ға қымбаттады. Темір рудалары мен концентраттарының өзіндік құны 4,9%-ға, минералды отындар 3,5%-ға, марганец кендері 2,8%-ға, қорғасын 1,1%-ға өсті.

Бұл ретте басқа тауарлардың бағасы айтарлықтай төмендеуде. Мысалы, ені 600 мм және одан да көп жалпақ бұйымдар 26,3%-ға, ферроқорытпалар – 24,4%-ға, былғары және иленген былғары шикізаты 23,4%-ға, тыңайтқыштар 20,4%-ға арзандады.

Одан кейін қазақстандық көмірдің құны 19,5%-ға, пластмассалар мен олардан жасалған бұйымдар 16,4%-ға, мұнай газы 12,4%-ға, мақта 6,4%-ға арзандады.

Азық-түлікке келетін болсақ, сусындар (алкогольді және алкогольсіз) 18,6%-ға, арпа 12%-ға, бидай мен меслин 10,2%-ға, қант және одан жасалған кондитерлік өнімдер 9,2%-ға, көкөністері – 6,4%-ға, бидай ұны – 1,8%-ға арзандады.

 

Серіктес жаңалықтары