×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ұлттық банк Ұлттық қордан 700-800 миллион доллар сатуды жоспарлап отыр

Ұлттық банк Ұлттық қордан 700-800 миллион доллар сатуды жоспарлап отыр
Фото: ашық дереккөз

Наурызда Ұлттық банк республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 700-800 миллион доллар сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақпан айында Ұлттық қордан валюта сату $609 млн-ды құрады, бұл жалпы сауда көлемінің 16% және тәулігіне $29 млн-нан аспайды.

Сонымен қатар наурызда Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30 пайыз деңгейінде ұстап тұру үшін 450-500 миллион доллар көлемінде шетел валютасын сатып алады деп күтілуде. Ақпан айында ол 400 млн долларды немесе нарықтың жалпы көлемінің 10%-ын құрады.

Ақпан айының соңында теңге бағамы 0,6%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 450,65 теңге болды. Қазақстан қор биржасында бір айда орташа күндік сауда көлемі $172 млн-нан $187 млн-ға дейін өсті, жалпы сауда көлемі $3,9 млрд болды.

2023 жылдың қарашасынан бастап Ұлттық банк Ұлттық қордың ақшасын пайдалана отырып, «ҚазМұнайГаздың» жалпы сомасы 1,3 трлн теңгеге акцияларын сатып ала бастады. Кейін дивиденд түріндегі бұл ақшаны «Самұрық-Қазына» Қазақстан бюджетіне жіберді. Осылайша, Ұлттық қор трансферттері есебінен ел экономикасын қаржыландырудың жалпы көлемі 2023 жылы рекордтық 5,3 трлн теңгеге дейін өсті.