×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ұрланған байлық: елге қайтарылған 1 трлн теңге қайда жұмсалып жатыр

05.03.2024, 12:00
Ұрланған байлық: елге қайтарылған 1 трлн теңге қайда жұмсалып жатыр
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл сұрақты үкіметтің баспасөз орталығында Ulysmedia.kz тілшісі ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровқа қойды.

Министр орынбасарына сілтеді

Сұраққа жауап берген ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров комиссияға енді кіріп жатқанын айтты. Жарытып жауап бере алмады. Оның орнына жауапты орынбасары Бауыржан Құдайбергенов берді. 

– Қаржы министрлігінің жанынан бұл мәселелерді шешу бойынша жеке қор құрылды. 1 трлн теңгеге жуық қаражат қайтарылды. Тек ақшалы қаражат еемс, олардың ішінде әртүрлі активтер бар. Оларды нарыққа шығарып, олардан түскен қаражатты елдің әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталады. Біздегі ақпаратқа сәйкес, бұл қаражаттың есебінен ауруханалар, мектептер салынып жатыр. Оның ішінде 200-300 млрд теңге ақша мектепке салуға жұмсалды, – дейді ол.

1 трлн теңгенің нақты қанша сомасы жұмсалды деген сұраққа вице-министр нақты жауап бере алмады. Жазбаша жауап беруге уәде берді.

Бас прокурорға сауал

Еске сала кетейік, бұған дейін елден жылдар бойы ұрланған аста-төк байлықтың елге қалай қайтарылып жатқанын Ulysmedia бас прокурор Берік Асыловқа он сұрақ жолдаған болатын. 

Қаңтар оқиғасынан кейін елде ең қызу талқыланған тақырыптың бірі – елден ұрланған байлықты, яғни заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселесі болды. Бұл жөнінде көп айтылды, сан мәрте талқыланды, бір жарым жыл деген де заң шығарды да, бұл күнде құзырлы органдар «қайтарып жатырмыз» деп анда-санда бір ақпарат таратады.

Жалпы заңсыз шығарылған активтерді қайтарудың ашықтығын талап етіп, депутаттар да мәселе көтерген еді. Атап айтқанда, Ермұрат Бапи Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің жұмысын қатаң сынға алған. «Екі айдың ішінде бұл комитеттің іс-әрекеті жөнінде тырс еткен хабар жоқ, оның қызметінен Қазақстан қоғамы мақұрым» деді депутат өз мәнерінде. Оған бас прокурордың берген жауабында БАҚ-та жарияланған ақпараттан басқа мардымды ештеңе жоқ болып шықты. Оның алдында тағы бір депутат Марат Бәшімов комиссия құрамының құпиялығына мүлде көңілі толмайтынын білдіргені бар.