×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанда шенеуніктердің айлығына 1 трлн теңге жұмсалады

19.03.2024, 12:06
REUTERS/коллаж Ulysmedia.kz

Қаржы министрі Мәди Тақиев шенеуніктердің жалақысына ел бюджетінен жылына қанша ақша бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкіметтегі брифинг барысында журналистер Мәди Такиевтен мемлекеттік аппаратты ұстауға жылына қанша бюджеттен қаражат жұмсайтынын сұрады.

– Мен бүкіл мемлекеттік аппараттың жалақысы бойынша айта аламын. Онда бүкіл мемлекеттік аппараттың жалақысына жылына 1 трлн 32 млрд теңге сомасы құрайды, - деп жауап берді министр.

Сондай-ақ, журналистер Такиевтен елдің мемлекеттік аппаратын қысқарту жоспарланып отыр ма деп сұраған. Өйткені 10 жыл ішінде Қазақстанда министрліктер саны 12 -ден 21-ге дейін, вице-премьерлер саны үштен алтыға дейін, ал министрліктердегі комитеттер саны 30-дан 57-ге дейін өскен.

Қаржы министрлігінің басшысы мемлекеттік аппараттың ұлғаймағанын, ал олардың саны ірі министрліктерді кішігірім министрліктерге бөлу арқылы алынғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары