Қаржы министрі Мәди Тақиев Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мәди Тәкиев 2024 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 трлн теңгені құрағанын хабарлады.
– Бұл ЖІӨ-нің 22,8% құрайды. Біздегі шек – 32%. Оған дейінгі шек қауіпсіз саналады, - деді министр үкіметтегі брифингте.
2022 жылы Қазақстанның мемлекеттік қарызының мөлшері 15,2%-ға – 25,3 трлн теңгеге дейін өскен.
2023 жылғы желтоқсанда мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров мемлекеттік борышының сомасы барлық бюджеттің 40% құрайтынын мәлімдеген еді.