×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Премьер-министр кеңсесі «VIP-салонды авиаборт» үшін 516 млн теңге жұмсамақ

01.11.2021, 10:34
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл жолы мемлекеттік орган алдағы жылға арналған «кестесіз» әуе тасымалы үшін 516 млн теңгеге лот жариялады. Хабарландыру мемлекеттік сатып алу сайтына орналастырылған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесі» мемлекеттік мекемесі құны 516 млн теңгеге «Жолаушыларды кестесіз (ішкі және халықаралық) тасымалдау бойынша әуе көлігі қызметтері» лотын жариялады. Мемлекеттік орган авиақызмет үшін ғана осынша ақша жұмсағалы отыр.

Скриншот: goszakup.gov.kz

Техникалық сипаттамаға сәйкес, «жолаушыларды кестесіз (ішкі және халықаралық) тасымалдау бойынша әуе көлігі қызметтері» 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейін көрсетілуі керек.

Квалификациялық талаптар бойынша, әлеуетті қызмет көрсетуші тиісті деңгейде «материалдық ресурстармен» қамтамасыз етуі керек:

  • Мемлекеттік сатып алу қызметін көрсету барысында VIP-салонмен жабдықталған, VIP-персоналар үшін жолаушылар орнының шектеулі санын қамтамасыз ететін әуе кемесімен;
  • Нұр-Сұлтан қ. ангарлы кешенімен. 

Скриншот: goszakup.gov.kz

Еңбек ресурстары қызметіне енуі тиіс

  • білікті инженерлік-техникалық персонал (екі қызметкер);
  • екі бортсерік;
  • екі пилот.

Қазақстандық шенеуніктерге қарағанда, Еуропа елдерінде мемлекеттің «бірінші» басшылары кәдімгі тұрақты рейстермен, эконом-класпен ұша береді. Сондай басшысының бірі – Финляндия президенті. 2018 жылдың өзінде фин президентінің баспасөз қызметі Саули Ниинисте «мемлекет қаражатын үнемдегісі келетінін және тек өте сирек жағдайда өз ұшағын пайдаланатынын жазған. Бұл жерде фин басшысы әуе компаниялары тұрақты рейс жасамайтын орындарда ғана жеке ұшағын пайдаланатыны жазылған». Алайда Қазақстан Финляндия емес. Міне, сондықтан біздің елдегі мемлекеттік сатып алу сайтында «кестесіз авиақызмет» үшін 516 млн теңгеге лот жарияланады.

Серіктес жаңалықтары