×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

15 өңірде жылдық инфляция бәсеңдеді – Ұлттық банк

16.05.2024, 15:37
15 өңірде жылдық инфляция бәсеңдеді – Ұлттық банк
Коллаж: Ulysmedia.kz

Сәуір айында елде жылдық инфляция баяулап, 8,7%-ды құрады (наурызда – 9,1%), деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық банктің мәлімдеуінше, тек бір өңірде өзгеріссіз қалды. 

15 өңірде жылдық инфляция бәсеңдеді. 4 облыста қарқын алып, 1 өңірде өзгеріссіз қалды. Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды мен Маңғыстау облыстарында тіркелді, - делінген хабарламада.

Сәуірде азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны ж/ж 6,3%-ға дейін баяулады (наурызда – 6,9%). Осы топқа жататын тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (9,9%) барынша тез, ал Ақтөбе облысында (4,4%) мейілінше баяу өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 7,6%-ға дейін бәсеңдеді (наурызда – 8,2%). Ең жоғарғы мән Маңғыстау облысында (13,5%), ең төменгі мән Алматы облысында (5,2%) тіркелді.

Сәуірде ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 13,5%-ға дейін жеделдеді (наурызда – 13,2%). Сонымен қатар Ақтөбе облысында (17,5%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Ұлытау облысында (8,3%) айтарлықтай төмен өсті.

Сәуірде ел бойынша айлық инфляция 0,6%-ға өсті. Бұл тарихи орташа мәнге сәйкес келеді (2017-2021 жылдардағы сәуірде – 0,6%).