×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Қауіп төндірмейді – Смайылов Қазақстанның 27 трлн теңге қарызы жайлы

13.06.2024, 14:29
Коллаж: ulysmedia.kz.

Жоғарғы аудиторлық палата басшысы Әлихан Смайылов Ұлттық қордан Үкіметтің қаражат алуына байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Смайылов не дейді?

– Сенат төрағасы Мәулег Әшімбаев жетіскеннен Ұлттық қордан ақша алып отырған жоқпыз деді. Қазіргі таңда экономистер Қазақстанның ішкі және сыртқы қарызына қатысты көп сыни пікір айтады. Олар «Қарызды азайту керек. Қауіп төніп тұрған сияқты» деген пікірлерді айтады. Бұл алаңдаушылық орынды ма? Қазір Қазақстанның ішкі және сыртқы қарызы қанша? – деп сұрады журналистер Сенатта Әлихан Смайыловтан.

Әлихан Смайылов жалпы қарыз алу қарыз ау немесе борыштың болуы экономикаға қауіп төндірмейтінін айтады.

– Қарыз алу дүние жүзінде қалыптасқан практика. Мысалы, ірі инфрақұрылымдық немесе әлеуметтік жобаны шұғыл іске асыру керек болса, қарыз алынады. Қазір мемлекетіміздің борышының деңгейі – 27,2 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 22,8%-ы. Сондай-ақ мемлекет белгілеген лимит – 32%. Басқа дамыған елдерді қарайық. Мысалы, көптеген дамыған елде мемлекеттік борыш деңгейі ЖІӨ-ден 60%-дан жоғары, – деді ол.

Оның айтуынша, мәселен тек мемлекеттің борыш міндеттемелерін кезең-кезеңімен төмендету. Осындай міндет мемлекеттің қаржы жүйесін 2030 жылға дейінгі тұжырымдама осындай міндет қойылған.

– Сондықтан біз оны кезең-кезеңімен төмендетуіміз керек. Жалпы жаңа айтылғандай мемлекеттік борышымыз белгіленген лимиттен төмен және бұл Үкіметтің және қаржы министрлігінің тұрақты бақылауында, – дейді Смайылов.

“Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 трлн теңге дедіңіз. Бұл Қазақстан экономикасына қауіп төндірмей ме?” деген сұраққа Смайылов “төндірмейді” деп жауап берді.

Серіктес жаңалықтары