×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Лихтенштейннің өзінен 116,7 млрд теңге – Қазақстаннан ұрланған ақша қай елдерден шығып жатыр

14.08.2024, 12:23
Лихтенштейннің өзінен 116,7 млрд теңге – Қазақстаннан ұрланған ақша қай елдерден шығып жатыр
сурет ашық дереккөзден

Антикор Қазақстанға құны 1 триллион теңгеден асатын активтер қайтарылғаны жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Агенттіктің мәліметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайтарылған активтердің қолданылу барысын тұрақты негізде қадағаланатынын хабарлайды.

– Жыл басынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені қайтарды. Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды, – делінген хабарламада.

Сатыбалдыдан не қайтарылды

Бұған дейін агенттік Қайрат Сатыбалдыұлы қайтарған жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекетке берілгенін хабарлаған болатын. Олардың ішінде Алматыдағы құны 7,9 млрд теңгеден асатын «Kaisar Tower» бизнес-орталығы бар. Ол Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қарамағына берілген. Сонымен қатар, Т. Жүргенов атындағы «Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ теңгеріміне құны 800 млн теңгеден асатын әкімшілік ғимарат берілді.

Ал елордада құны 5 млрд теңгеден асатын үш зәулім сарай мүгедек балаларға арналған Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-не берілді. Бұл білім беру жағдайларын едәуір жақсартуға және шығармашылық бастамалардың дамуын қолдауға мүмкіндік береді.

Шетелден қайтарылған байлық

Антикор сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастық маңызды рөл атқарады, соның арқасында Австрия, Франция, Лихтенштейн, Әмірліктер, Түркия, Ресей және басқа елдерден Қазақстанға ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік және зергерлік бұйымдар түріндегі активтер қайтарылғанын хабарлайды.

– Мәселен, Австриядан 36,8 млрд теңге, Лихтенштейннен 116,7 млрд теңге, Түркиядан 2,2 млрд теңге, Біріккен Араб Әмірліктерінен 6,3 млрд теңге және басқа елдерден қайтарылды. Бұдан басқа, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін сотталған Индустрия және инфрақұрылымдық даму экс-вице-министрі Т. Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекет пайдасына Қостанай облысындағы құны 5,6 трлн теңгеден асатын никель мен кобальттың ірі қорлары бар бірегей «Шевченковское» кен орны берілді, – делінген хабарламада.

Агенттік заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасатынын хабарлайды.