×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Қазақстандықтар үй алу үшін зейнетақы ақшасын әлі де көптеп алып жатыр – сарапшылар

05.09.2024, 17:16
Коллаж Ulysmedia.kz

Қазақстандықтар тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында тамыз айында БЖЗҚ-дан 39,1 млрд теңге алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Бірінші несиелік бюро" сарапшыларының хабарлауынша, бұл сома шілдедегіден 13% төмен, бірақ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының орташа айлық деңгейінен екі есе жоғары. Ол тұста сома 19,7 млрд теңгеге жеткен. 

Емделу үшін қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 12,5 млрд теңге алған. Өтініштер саны 11,6 мыңды құрады.

Сондай-ақ, сарапшылардың пікірінше, тамыз айында ақшаны жеке басқарушы компанияларға беру процестері жанданған, онда ешқандай шектеу жоқ. Сома 2,5 млрд теңгеге дейін, ал өтініштер саны 2,1 мың теңгеге дейін өсті.

Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылғы 10 тамыздан бастап 2025 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстан аумағындағы клиникаларда көрсетілетін стоматологиялық қызметтердің зейнетақы жинақтары есебінен қаржыландыруды тоқтата тұру жоспарланып отыр. Осы уақыт ішінде Отбасы банкі БЖТ қаражатын мақсатсыз пайдалануға жол бермеу және стоматологиялық қызметтер көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде тиісті жұмыс жүргізуді жоспарлаған.

Алайда қоғамдағы резонанстан кейін Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі стоматологиялық қызметтерге зейнетақы жинақтарын алуға тыйым салу идеясынан бас тартты. 

Серіктес жаңалықтары