×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

АЕК - 3063 теңге: бюджет заңы бекітілді

02.12.2021, 17:25
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына қол қойды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осылайша 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 000 теңгені, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 19 450 теңгені және зейнетақының ең төменгі мөлшері 46 302 теңгені құрамақ. Сонымен қатар, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 063 теңгені межелемек.

Ал базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі жаңа жылда 36 018 теңге болады.

«Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», – делінген Ақорда сайтында.

Еске сала кетсек, ең төменгі жалақының атышулы 42 500 теңгеден 60 мыңға өсетінін Президент өз Жолдауында айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары