×
510.08
539.61
5.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.08
539.61
5.15

Үкімет сенаторлардың жаңа орган құру ұсынысын бюджетке орынсыз жүктеме деп бағалады

17.10.2024, 13:10
Үкімет сенаторлардың жаңа орган құру ұсынысын бюджетке орынсыз жүктеме деп бағалады
Ulysmedia коллажы

Үкімет басшысы Олжас Бектенов демография мәселелері бойынша мемлекеттік орган құруға байланысты сенаторлардың бастамасын қолдамады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚ – ЖАС

Бұл бастаманы сенаторлар көтерген еді. Бектеновтың ресми жауабына сәйкес, қазіргі таңда Қазақстан халқының саны 20 миллионнан асқан. Қазақстандықтардың орташа жасы 32,1 жасты құраған. Халық құрылымында үштен бірі балалар, 58% еңбекке қабілетті азаматтар және 11% қарт адамдар. Қазақстан халқы басқа елдермен салыстырғанда жас. Үкімет мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларының нәтижесінде демографиялық жағдай жақсарды деп есептейді.

СЕНАТОРЛАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫ ЗЕРТТЕЛДІ

Сенат депутаттарының ұсыныстарын Үкімет зерттеп, қосымша халықаралық тәжірибеге талдау жүргізген. Оның қорытындысы демография мәселелерімен әртүрлі мемлекеттік органдар айналысатынын көрсеткен. Мысалы, туу деңгейі төмен елдерде бұған (Корея, Қытай) денсаулық сақтау министрлігі жауапты, посткеңестік және Шығыс Еуропа мемлекеттерінде (Ресей, Украина, Польша, Словакия) бұл функциялар әлеуметтік мәселелерге жауапты мемлекеттік органдарға жүктелген. Қазақстанда бұл жұмыстарды Ұлттық экономика министрлігі үйлестіреді.

– Осыған орай бұл мәселені жан-жақты қаралып, Ұлттық экономика министрлігі орталық мемлекеттік органдарға жүргізген функционалдық талдау қорытындысы бойынша жаңадан қосымша мемлекеттік органдқұру, мемлекеттік қызметшілер санын ұлғайту, мемлекеттік бюджетке жүктеме түсіру орынсыз деп санайды, – делінген Бектеновтың жауабында.

Сонымен қатар жеке ведомство құру мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген мемлекеттік аппаратты оңтайландыру бағытына сәйкес келмейді.

ДЕМОГРАФПЕН СҰХБАТ

 Ulysmedia.kz порталы демография мәселелеріне бұған дейін үңіліп көрген. Қоғамда «Қазақстан халқының саны шын мәнінде 20 миллион адамнан көп» немесе «біздің елде қазақтардың санын әдейі азайтып көрсетеді» деген әңгіме баршылық. Тіпті «шын мәнінде, 30-40 млн адамбыз» деген де пікір бар. Мұндай болжамды таяуда сұхбаттарында ақын Бақыт Беделхан мен Ақберен Елгезек айтқан. Бұл тұспал жөнінде Ulysmedia.kz тілшісі демограф Аяулым Сағынбаеваның пікірін білген еді.