×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Саясаттанушы қазынаны ең көп пайдаланатын өңірлерді атады

19.12.2021, 09:18
Саясаттанушы қазынаны ең көп пайдаланатын өңірлерді атады
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев әлеуметтік желідегі өз парақшасында Қазақстан өңірлерінің келесі 2022 жылғы бюджетіне тоқталды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның жазуынша, қазынаға ең көп қаржы беретіндер көшін Атырау облысы бастаса (220 млрд теңге), содан кейін Алматы (211 млрд теңге) мен Нұр-Сұлтан қалалары (38 млрд теңге) және Маңғыстау облысы (19 млрд теңге) тұр.

Ал дотацияның басым бөлігін Түркістан (402 млрд теңге), одан кейін Өскемен (217), Тараз (194), Қызылорда (184), Талдықорған (180), Көкшетау (160), Шымкент (142), Петропавл (141), Қостанай (133), Қарағанды (128), Ақтөбе (111), Орал (75), Павлодар (52) аймақтары иеленбек.

«Бізде бюджет жүйесі мен бюджетаралық қатынастарда бірдеңе дұрыс емес. 20 жыл бұрын өнеркәсіп белдеуі (Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Орал) бюджеттің доноры болған, ал қазір олар тұрақты минусқа кетіп жатыр. Әрине, салық және бюджет жүйесі өзгерді және бұл көрсеткіш ескірген деген уәж айтуға болады. Бірақ дәл сол 20 жыл бұрын бюджетаралық қатынастар реформасы басталды ғой. Оған сәйкес аймақтардың өкілеттіктері көбірек болуы керек еді», – дейді Данияр Әшімбаев.

Сарапшының сөзінше, бұған тек екі түсініктеме бар. Бұл дегеніңіз, ел өңірлерінің депрессивтік күйі ушығуда немесе орталық қазынаны тым көп еншілеп отыр.