×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

«Ықпалымыз жоқ, тек дайындалуымыз керек»: Сүлейменов доллар 600 теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін растады

11.04.2025, 13:13
«Ықпалымыз жоқ, тек дайындалуымыз керек»: Сүлейменов доллар 600 теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін растады
Ulysmedia.kz коллажы

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ulysmedia.kz тілшісінің сұрағына берген жауапта әлемде мұнай бағасы арзандай берсе, доллар бағамы қымбаттап, мемлекеттік кірістер азаятынын мәлім етті.

ҮКІМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚ

Ұлттық банк ғимаратында баспасөз мәслихатын өткізіп жатқан Тимур Сүлейменов мұнай бағасы тұрақты болса теңге бағамы да тұрақты болатынын айтты. Бірақ дәл қазір мұнай баррелі 60 доллардан түсіп, қайта көтеріліп, құбылып тұр.

Біз мемлекеттің шығындарын қысқартуымыз керек дейміз де, бірақ нақты қадамдарды тағы көрмейміз. Мемлекеттік бағдарламаларды, ұлттық компанияларды қысқартып, нақты қадамдарды жасау керек деп ойламайсыз ба? Қазақстан экономикасы үшін үлкен сынақ келе жатыр? Не істемек керек? – деп сұрады Ulysmedia.kz тілшісі Сүлейменовтен.

Бұл сұраққа жауап берген Тимур Сүлейменов бұл сұрақты әуелі Үкіметке немесе Самұрық-Қазына қорына қойылуы керек деп мәлім етті.

Өйткені олардың шығындары өз қолдарында. Бірақ жалпы келісем: егер сондай қысым ұзақ мерзімге сақталса, әрине олар бюджеттерді қысқартуға мәжбүр болады. Бірақ біз үшін мұнай бағасы тұрақты болса мемлекеттің қаражат жүйесі мен ұлттық қор тұрақты болады. Мүмкін республикалық бюджеттің мөлшерін қысқартуға тура келмейді. Соларға қойылатын сұрақ, – дейді ол.

ДОЛЛАР ҚЫМБАТТАЙ МА

Мұнай бағасы құлдырай берсе, доллар 600 теңгеге дейін шарықтап кетпей ме деген сұраққа Тимур Сүлейменов “егер мұнай бағасы күрт түссе, әрине біздің экономикамызға, мемлекеттік кірістерге, теңге бағамына әсер етеді. Ол сөзсіз. Бірақ соған біздің ықпалымыз жоқ. Соған тек дайындалуымыз керек. Соған дайындалып жатырмыз” деп жауап берді.

“Ұлттық банктің болсын, Үкіметтің болсын екінші жоспары жоқ па?” деген сұраққа ол былай жауап берді.

Иә, бар. Дәл қазір біздің ғимараттары Үкіметтің, Ұлттық экономика және Қаржы министрлігінің өкілдері отыр. Қазір соны дайындап жатырмыз. Макроэкономикалық модель өте жақсы. Сондықтан олар бізге келіп, «Б» немесе «С» жоспары дейміз – ортақ жоспар құрып жатырмыз. Келесі аптада керек болса жариялаймыз, – дейді ол.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарып, 16,5 пайыз деңгейінде қалдырған еді.