×
526.02
607.55
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.02
607.55
6.5

Алматыда жаңа пәтерлердің бағасы күрт қымбаттап кетті

Бүгін, 17:50
Алматыда жаңа пәтерлердің бағасы күрт қымбаттап кетті
Ulysmedia.kz коллажы

Алматыда жаңа пәтерлердің бағасы бір айда күрт қымбаттап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Datahub мәліметінше, қазан айында Алматыдағы жаңа пәтерлердің бағасы қыркүйекпен салыстырғанда 2,9%-ға көтерілді. Соңғы бірнеше ай бойы баға өзгермей тұрғанын ескерсек, бұл — айтарлықтай нәтиже.

Биыл бұдан да жоғары өсім бір рет тіркелген, бірақ жалпы алғанда мұндай қарқынды айлық қымбаттау – сирек болатын жағдай. 2015 жылдан бері бір айда бұдан күштірек өсу тек жеті рет болған.

Алматының қайталама нарығында да (ескі үйлер)баға өсімі байқалды — бір айда 2,1%-ға артты. Бұған дейін де биыл қайта сату нарығындағы пәтерлер ай сайын орта есеппен 2%-ға қымбаттап келген. Пәтер жалдау ақысын да өсім айналып өтпеді: қазан айында жалдау 1,7%-ға қымбаттады. Бұл — соңғы екі жылдағы дәл осы айдағы көрсеткіштерден жоғары.

АСТАНАДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Астанада жағдай тұрақты: жаңа да, ескі пәтерлердің бағасы өзгермеген. Өспеген, бірақ төмендеген де жоқ. Дегенмен соңғы айларда елордадағы жаңа құрылыстардың бағасы біраз көтерілгені белгілі. Ал жалдау ақысы қазан айында 0,5%-ға артқан.

Серіктес жаңалықтары