×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Оралдықтар бизнес-кластағы жаңа көлікке көшкен қала әкіміне шүйлікті

03.02.2023, 09:05
фото: ашық дереккөзден

Бизнес-класстағы жаңа автокөлікке мінген Орал әкімі жергілікті жұрттың сынына ілікті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мой город” порталының жазуынша, оралдықтар қала әкімі Миржан Сатқановтың жаңа көлікке көшкенін бірден байқаған. Жергілікті жұрт дағдарыс кезінде шенеуніктердің қымбат көлік мініп жатқанына наразы. Жарқырап жүргенді құп көретін шенділер тіпті елде құрастырылған көліктерді менсінбеген сыңайлы.

Орал әкімдігі қала басшысы мініп жүрген Camry 70 жаңа емес, Trade-in бағдарламасы бойынша сатып алынғанын айтып ақталды.

"2012 жылғы Camry 50 қызметтік көлігі ескіргендіктен жиі істен шыға берді, оны жөндеуге қосымша шығындар қажет болды. Нәтижесінде бюджетке қосымша жүктеме түсті. Бюджет қаражатын үнемдеу үшін Trade-In бағдарламасы бойынша ескірген Camry 50 мен Skoda маркалы қызметтік автокөліктерді 2019 жылы шыққан Camry 70 автокөлігіне ауыстыру туралы оңтайлы шешім қабылданды", — дейді әкімдіктегілер.

Серіктес жаңалықтары