×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Доллар екі күнде 10 теңгеге арзандады

03.03.2023, 14:58
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осылайша доллар екі күнде 10 теңгеге арзандап отыр. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 4,45 теңгеге төмендеп, 1 доллар 431,08 теңге болды.

Ұлттық банктің 3 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 435, 69 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 432 теңге, сатып алу – 436 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 432 теңгеден болса, сатып алу – 435,5. Алматыда Ресей рублі 5,65 – 5,9 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,62 - 5,72 теңгеден сатылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары