×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Елімізде мүгедектерге 292 млрд теңге жәрдемақы төленді

14.10.2021, 10:45
Елімізде мүгедектерге 292 млрд теңге жәрдемақы төленді
фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандықтарға жыл басынан бері мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы түрінде 292 млрд теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

2021 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 232,4 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 59,8 млрд теңге бағытталды, дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2021 жылғы қыркүйек айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 25,7 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 5,5 млрд теңге жұмсалды.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 528,1 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 134,3 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 48 743 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 995 теңгені құрады.