×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Nvidia-ның Қазақстанға видеокартаны шектеуі және отандық ІТ-мамандар дабылы: Мусин не дейді

12.12.2023, 08:09
Коллаж: ulysmedia.kz.

Отандық ІТ-мамандар АҚШ-тың Nvidia компаниясының видеокарталарды Қазақстанда беруді шектеуіне байланысты дабыл қағып жатыр. Олар ақылды интеллектті елде аталған компанияның өнімінсіз дамыту мүмкін еместігін айтады. Мәселенің мәнісін Ulysmedia.kz тілшісі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннен сұрап көрді.

Биыл 18 қазанда АҚШ Қытайға Nvidia RTX 4090, сондай-ақ ақылды интеллект саласындағы әзірлемелер үшін H800 және A800 үдеткіштерін жеткізуге тыйым салды. Кейінірек бұл шектеу B1, B4 және B5 топтарына кіретін бірқатар басқа мемлекетке де қатысты екендігі анықталды. Олардың арасында ТМД елдерінен Армения, Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан бар.

Осылайша, Nvidia осы мемлекеттерге A100, A800, H100, H800, L40 және L40S графикалық карталарын, сондай-ақ GeForce RTX 4090 тұтынушыларын жеткізбейтін болды. Уақыт өте келе адаптерлер тізімі компанияның жаңа модельдерімен толықтырылуы мүмкін.

Осы мәселе Қазақстанда ақылды интеллектті дамытқысы келетін ІТ-мамандарды да алаңдап отыр. Осыған байланысты Ulysmedia.kz тілшісі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге сұрақ қойды.

– АҚШ құнды қағаздар комиссиясы Nvidia компаниясының ІТ-салаға қажетті видеокарталарын Қазақстанға сатуға тыйым салды. Осы мәселе отандық ІТ-мамандарды қатты алаңдатып отыр. Елде енді ғана дамып келе жатқан ақылды интеллект технологиялары тығырыққа тірелуі мүмкін екені айтылады. Осы мәселені қалай реттейсіздер? АҚШ тарапымен аталған компанияның өнімін жеткізу үшін келіссөз жүргіздіңіздер ме? – деп сұралды министрдер.

Бұл сұраққа жауап берген Бағдат Мусин Nvidia компаниясының өкілімен осы мәселе жөнінде кездескенін айтады.

– Жалпы ол тек Қазақстанға емес, ол географиялық және басқа да салдардан. Тек біздің Қазақстанға қатысты емес. Оған басқа да көп мемлекет оның ішіне кірді. Бірақ оны «сатып алуға сатып алуға тыйым салынды» деген жоқ. Сатып алу үшін комплеанстан өту керек. Яғни не үшін сатып алып жатыр? Оның мақсаты және оның шешілетін сұрақтары - дәлелдеу керек. Сол ғана. Сатып алам деушілер болса маған келсін – мен өзім-ақ көмектесіп берем, - дейді ол.

Министр отандық ІТ-мамандар өз саласында қолданамын десе, сатып аламын десе, «маған жүгінсін – өзім-ақ көмектесіп беремін» дейді. 

– Мемлекет және министрлік ретінде біз соны сол үшін Nvidia тарапымен кездесіп, осы мәселелерді мақұлдадық. Біздің Қазақстанға тек видеокарта емес, диджей икс деген басқа да дүниелер бар – сол өнімдер керек жағдайда біз өзіміз жүгініп олармен екі тарапты байланыс орнатып, осы Қазақстанға алып келуге құқығымыз және мүмкіндігіміз бар, - дейді Бағдат Мусин.

Серіктес жаңалықтары