×
$
441.88
€
503.61
₽
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.88
€
503.61
₽
5.24

Бағдат Мусин inDrive-тің негізін қалаушыға асыл тұқымды сәйгүлік сыйлады

Бүгін, 11:41
Бағдат Мусин inDrive-тің негізін қалаушыға асыл тұқымды сәйгүлік сыйлады
threads / arsentomsky

Арсен Томский «Қазақтелеком» басшысынан алған ерекше сыйлығын көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

inDrive негізін қалаушы Арсен Томский үйлену тойында алған ерекше сыйлығы туралы айтты. «Қазақтелеком» басшысы әрі Халық кеңесінің мүшесі Бағдат Мусин оған Барбарис есімді жеті жастағы асыл тұқымды сәйгүлік сыйлаған.

Миллиардер бұл туралы Threads әлеуметтік желісінде жазды.

– Үйлену тойда әдетте жұрт ақшалай сыйлық береді. Ал Қазақстанда ат сыйлайды! Танысып қойыңыздар – Барбарис, жеті жастағы асыл тұқымды сәйгүлік. @bagdatmussin-нен тойға сыйлық келіп жетті. Рақмет, Бағдат! Көп жылдан бері жеке көлігім жоқ еді, inDrive-пен немесе жалдамалы көлікпен жүремін. Енді жеке көлігім бар. Тарифі – сәбіз бен алма, – деп жазды ол.

Контекст

Еске салайық, 2026 жылғы тамызда 52 жастағы Арсен Томский қазақстандық Камила Лукпановаға үйленіп, Ыстанбұлда дүркіретіп той өткізген. Камила – TANA қорының негізін қалаушы әрі Almaty Tourism Bureau-дың бұрынғы басшысы.

Босфор жағалауында өткен тойды Иван Ургант жүргізген.

Үйлену тойынан кейін кәсіпкер әзілдеп, өзін «қазақ халқының күйеу баласымын» деп атаған.

Ал бұған дейін Томский Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығындағы бағаға таңғалып, қарапайым футболкалардың мың долларға сатылатынына назар аударған.