×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Экс-премьер Асқар Мамин Санкт-Петербургте не істеп жүр?

16.12.2023, 16:11
бейнежазбадағы кадр

«Қаңтар» оқиғасынан кейін отставкаға кеткен Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Мамин көрінбей кеткен еді. Ол қызметінен айырылса да хоккей федерациясының президенті лауазымында қалған. Бүгін ол Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан «Бірінші арна кубогы» турнирінде төбе көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Турнир аясында Қазақстан ұлттық құрамасы «ЖХЛ жұлдыздары» командасын 3:1 есебімен ұтты. Отандастарын қолдауға келген Мамин сол баяғы, саспайды.

Бұған дейін Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат тараған. Алайда мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жоққа шығарған еді.

Еске салайық, Асқар Мамин премьер-министр болып 2021 жылдың 15 қаңтарында тағайындалды. Бір жылдан кейін, 2022 жылдың 6 қаңтарында Мамин бастаған Үкімет отставкаға кетті.

Бұған дейін Маминдердің Америкадағы зәулім үйі жайлы жазған едік. Дәлірек айтсақ, Асқар Маминнің інісі Флоридадағы зәулім үйді миллиард теңгеге сатып алғаны туралы ақпарат пайда болды. 

Серіктес жаңалықтары