×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Голливуд фильмдерін қазақ тіліне аударуға бірде-бір компания өтінім бермей жатыр

09.02.2024, 10:04
Голливуд фильмдерін қазақ тіліне аударуға бірде-бір компания өтінім бермей жатыр
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық кино орталығы қаңтарда шетелдік фильмдерді дубляждауға конкурс жариялаған. Бірақ ешбір компания оған қатысуға өтінім бермеген. Сол себепті орталық ақпанда конкурсты қайта жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

443 млн теңге бөлінген

Заңға сәйкес Ұлттық киноны қолдау орталығы Қазақстан аумағына әкелінетін балаларға арналған анимациялық фильмдер мен отбасылық фильмдердің қазақ тіліндегі дубляжын қаржыландыруда бірыңғай оператор. Дубляжға арналған фильмдер мәдениет және спорт министрінің бұйрығына сәйкес іріктеледі.

– 2024 жылы рейтингі жоғары, премьерасы өтпеген жаңа 15 блокбастерды қазақ тіліне дубляждау жоспарда бар. Аталмыш іс – шараларды іске асыру мақсатында мемлекеттік бюджеттен 2024 жылға 443,0 млн. теңге қаражат қарастырылған, – деп жауап берген еді редакцияның ресми сауалына жақында мәдениет және ақпарат министрлігі.

Бірде-бір өтінім түспеген

Министрліктің жауабында фильмдерді іріктеу бойынша конкурс процедуралары өтіп жатқаны хабарланған болатын. Осыған байланысты Ұлттық киноны қолдау орталығы шетелдік анимациялық фильмдер мен фильмдерді қазақ тілінде дубляждауға конкурсты биыл 15 қаңтарда жариялапты. Өтінім бергісі келетін компанияда авторлық құқықты сақтау саласындағы халықаралық талаптарға сәйкес келетін контенті, құқық иеленушілерінен қазақ тіліне дубляж жасауға қажетті өкілеттіктері мен құқығы болуы тиіс.

15 қаңтардан бері ешбір компания өтінім бермеген соң орталық 6 ақпанда конкурсты қайта жариялаған

Жалпы, “Болашақ” қоры 2011-2021 жылға дейін шетелдік 38 фильм мен анимациялық фильмдерді қазақ тіліне аударған. Қазір қор бұл шаруамен айналыспайды.

Голливуд немесе басқа да шетелдік фильмдерді Қазақстанға әкелу құқығына ие компаниялар тым көп емес. Олар дистрибьютор ретінде министрліктен тапсырыс алса, дубляж жасайтын компанияларды жалдайды. Ал авторлық құқығы болмағандықтан, дубляж студиялары Ұлттық кино орталығы жариялаған конкурсқа қатыса алмайды.