×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Олимпиадада боксшыларға не жетпей қалды – Сәпиевтің пікірі

12.08.2024, 11:06
Олимпиадада боксшыларға не жетпей қалды – Сәпиевтің пікірі
kfb.kz

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев Париж Олимпиадасында алтын медальсіз қайтқан қазақстандық боксшыларға не жетпей қалды деген сұраққа жауап берді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

– Жалпы айтқанда, сәті түспеді. Төрешілердің шешімі меніңше кей айқастарда даулы. Сәкен Бибосынов 3:2 есебімен ұтылып қалды. Айбек Оралбай да. Ұтылып қалған алты айқастың бесеуінде біз 3:2 есебімен ұтылдық. Бұл – төрешілердің шешімі. Мен кей шешімдермен келіспеймін, – деді Серік Сәпиев Ulysmedia.kz порталының сұрағына берген жауабында.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін спорт федерацияларының жұмысы сараланатынын айтқан еді. Сәпиевтен осы ретте бокс федерациясын не күтіп тұрғаны сұралған. Ол бұл сұраққа “министр айтса, содан сұраңыздар” деп жауап берді.

– Сіздер жазасыздар. Біз көреміз, – дейді ол.

Сәпиевтен сонымен қатар, “келесі Олимпиадада жетістіктерді жақсарту үшін қандай бағытта жұмыс істеу керек?” деп сұрақ қойылды.

– Жас боксшыларды тауып, оларға мүмкіндік жасау керек, – деді ол.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада жанкүйерлері Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленген Айбек Оралбайды күтіп алды. Қазақстан бокс құрамасы Париж Олимпиадасын тек бір медальмен (ерлер құрамасы) тәмамдады.

Биылғы Олимпиадада Қазақстан спортшылары 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальді иеленіп, жалпыкомандалық есепте жарыста 43-орынмен аяқтады.