×
489.33
566.3
6.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.33
566.3
6.74

Щучинскте туристік автобус жол апатына түсіп, 11 адам зардап шекті

Бүгін, 18:26
Щучинскте туристік автобус жол апатына түсіп, 11 адам зардап шекті
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Щучинск-Бурабай трассасы бойында туристік автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Оқиға туралы Ақмола облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Апат 14 маусым күні күндіз болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Volvo жүргізушісі қолайсыз ауа райына байланысты көлікті басқара алмай қалған. Ол қарсы жолаққа шығып кетіп, Changan көлігімен соқтығысқан.

«Кейінгі инерциялық қозғалыс нәтижесінде Volvo ағашқа соғылған. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тексеру жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Апат салдарынан 11 адам зардап шеккен, олардың 9-ы автобус жолаушылары, 2-еуі жеңіл көлікте болған адамдар.

Серіктес жаңалықтары