×
489.33
566.3
6.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.33
566.3
6.74

2 млрд теңгеден астам табыс: «Kizdar.net» ұйымдастырушылары ұсталды

Бүгін, 17:31
2 млрд теңгеден астам табыс: «Kizdar.net» ұйымдастырушылары ұсталды
Фото: shutterstock

Алматы қаласы прокуратурасы «Kizdar.net» интернет-ресурсын ұйымдастырушыларының қызметі тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

 

Тергеу мәліметтері бойынша, 2011 жылдан бастап сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.

“Болжамды интернет-ресурсты ұйымдастырушылар ұсталды, олардың әрекеттері ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігімен сараланып, соттың санкцияларымен қамауға алынды. Тінту барысында ірі сомада ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді”, – делінген хабарламада.

Алдын-ала 2 млрд теңгеден астам мөлшерде заңсыз табыс анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Істің барысы Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауында.

Серіктес жаңалықтары