×
518.14
537.57
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.14
537.57
5.27

Дикий Арманның «оң қолы» болған және оған жақын тағы бір адам Дубайдан жеткізілді

Бүгін, 19:15
Дикий Арманның «оң қолы» болған және оған жақын тағы бір адам Дубайдан жеткізілді
Ulysmedia коллажы

Ulysmedia редакциясына Қазақстан билігі БАӘ билігінің көмегімен Арман Жұмагелдиев басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшелерін Астанаға жеткізгені белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ  

Ұйымдасқан қылмыстық топтың ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны, оның ішінде Қазақстандағы мемлекеттік төңкеріске бағытталған іс-қимылдарға қатысуға қатысы бары хабарланады. 

Қылмыстық ұйымның ұсталған және жеткізілген мүшелерінің арасында мынадай адамдар бар: 

Мақсат Дүйсенов, топ басшысының оң қолы, ұйымның күштік блогына жетекшілік ету, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау, өзге де қызметті қамтамасыз етуге жауапты болған;

Уәлихан Өсербаев, ұйымның көшбасшысына ерекше жақын, достық қылмыстық ұйымдармен, түрлі мемлекеттердің билік құрылымдарының өкілдерімен қаржы және байланыс үшін жауапты болған.

АРМАН ЖҰМАГЕЛИДЕВ

Бұған дейін сот Арман Жұмагелдиевті Қаңтар оқиғалары ісі бойынша 20 жылға соттаған болатын.

Қылмыстық іс 2022 жылғы қайғылы оқиғалардан кейінгі басты істердің бірі деп аталды. Сотталушылар орындығында 40-тан астам адам болды.