×
495.95
524.37
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.95
524.37
4.98

"Қонақ үйді тартып алғысы келді": Антикор Мұхамедиұлының мәлімдемесіне жауап берді

06.06.2023, 08:02
"Қонақ үйді тартып алғысы келді": Антикор Мұхамедиұлының мәлімдемесіне жауап берді
Коллаж: Ulysmedia.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұдан бұрын сот отырысында жауап алу кезінде экс-министр өзіне қарсы істің ойдан шығарылғанын және тек қаржылық мүдде үшін, ең алдымен, «Дипломат» қонақ үйіне байланысты қозғалғанын айтқан еді.

«Антикор қызметкерлері менің туыстарым «Дипломат» қонақ үйін басқа адамдардың атына аударсын деген бірнеше ұсыныс берілді» - деді ол.

Сондай-ақ, Мұхамедиұлы оның көптеген халықаралық жобалардың авторы екенін және біреу оның "көпшілік назарында" қаламайтынын айтты.

Антикор  "бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын" мәлімдеді.

“Мұхамедиұлына 221 миллион теңге жымқырды деген айып тағылып отыр, оның қылмысқа қатысы жиналған дәлелдемелермен расталды, іс-әрекеттердің біліктілігі прокуратура органдарымен келісілді. Оның әрекеттеріне қорытынды баға сот арқылы беріледі", – делінген Антикор мәлімдемесінде.

Агенттік тергеу барысында жауапкершілікті жеңілдету мақсатында Мұхамедиұлы мемлекет кірісіне айналдырылған 111 миллион теңге сомасындағы залалды ішінара өтегенін түсіндірді.

Антикордың хабарлауынша, қазір жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау мәселесі шешілуде.

Еске салайық, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музей директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды.

Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілді. Бұдан басқа, А. Мұхамедиұлының Мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС заңсыз беруге қатыстылығы тексерілді.

Іс бойынша төрт айыпталушы бар: Арыстанбек Мұхамедиұлы (Ұлтық музей директоры), Ұлттық музейдің экс-директоры Алмас Нұразхан, “Экспонат” ЖШС директорының орынбасары Азамат Көшенов, “Экспонат” ЖШС бас бухгалтері Айым Сәдуақасова.

Бұдан бұрын Арыстанбек Мұхемадиұлыны адвокаты  Мұстақым Төлеев актер Тұңғышбай Жаманқұлов экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлынан кек алу мақсатында оның үстінен арызданғанын мәлімдеген.

Сондай-ақ, сотталушы Көшенов сотқа Тұңғышбай Жаманқұловты куәгер ретінде шақыруды өтінді. Айтуынша, актер ол туралы "жалған ақпарат берген". Сотталушы не үшін екенін сұрап, Жаманқұловқа хат жазғанда актер "сені танымаймын" деп жауап берген-мыс.
 
Алайда прокурор Зәкіров "оны шақырудың қажеті жоқ" деген болатын. Судья ақыры Тұңғышбай Жаманқұловты сотқа шақырудың маңызы жоқтығын айтып, Көшеновтың өтінішін қанағаттандырмады.

Сондай-ақ, судья Мұхамедиұлын үйқамаққа жіберуге де келіскен жоқ.

16 мамырдағы сот отырысында экс-министр прокурорға шүйлігіп, оны қызметінен алып тастауды талап еткен

22 мамырда  бұрынғы Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұловадан куәгер ретінде жауап алынды.

Ал 23 мамырдағы отырыста адвокат Айгерім Әнуарбек бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның туған-туыстарына бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

24 мамырдағы сот отырысында азапталғанын мәлімдеген Мұхамедиұлы психологтың көмегін талап етті.