×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Нұр-Сұлтанда Glovo курьерлері ереуілге шықты

20.10.2021, 17:30
фото: informburo.kz

Елорда курьерлері 2GIS картасымен жұмыс істегісі келмейді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Астанада Glovo-ның 70 курьері наразылық белгісі ретінде жұмысқа шықпай қойды. Олар қашықтық есептеуге арналған «Google Карта» қосымшасын қайтаруды талап етті. Яғни, бұрынғы жұмыс жүйесіне оралғысы келетіндерін жеткізді, дейді informburo.kz.

«Бұрын Google-картамен жұмыс істеген кезде бізде жалақы басқа болатын. Ал қазір 2GIS-пен жұмыс істейміз. Ол шақырымдарды дұрыс есептемейді. Салдарынан жалақы да азайды», - деді Glovo-да екі жыл істейтін курьер Ербол Жәкенов.

Оның айтуынша, еңбекақы біршама азайған. Курьерлер компания басшылығына олардың талаптарын қарауға 2-3 күн беру туралы шешім қабылдады. Яғни, олар осы кезеңде жұмыс істемейміз деді.

«Алматыдағы басшылық адамдарды жіберді. Біз сұрақ қойдық. Олар – өздерің білесіңдер, жұмыс істегілерің келсе, істеңдер, келмесе, істемеңдер. Жұмысшылар әрдайым табылады дейді», - деді Ербол Жәкенов.

Алматыда да Glovo курьерлері қалалық әкімдік ғимаратының жанында жиналды. Дегенмен олар ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Ал Glovo компаниясы курьерлердің қалауымен 2GIS картасын пайдалануға 2021 жылғы қазанда көшкенін айтты. Қазір карта Нұр-Сұлтанда сынақтан өтіп жатыр. Кейін онымен бүкіл елдегі курьерлер жұмыс істейтін болады.

Серіктес жаңалықтары