×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Лұқпан Ахмедияров Михаил Дорофеев атындағы сыйлықты жеңіп алды

24.11.2023, 11:45
Коллаж: ulysmedia.kz.

Сыйлық жұмыс істеп тұрған БАҚ журналистеріне, тelegram-арналарды қоса алғанда, дербес медиа жобалардың бас редакторлары мен авторларына беріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Лұқпан Ахмедияров  Михаил Дорофеев атындағы сыйлықтың лауреаты атанды. Өз сөзінде Ахмедияров журналистер қауіп төніп тұрған елде әлі де өмір сүріп жатқанымызды атап өтті. Бірақ десе де Қазақстанда еркін медиа болу керек деп есептейді.

Ақшалай жүлдемен қатар лауреаттарға ескерткіш мүсінше табысталады.

Медиа Құрылтай

Алматыда "Медиа Құрылтай 2023" БАҚ нарығын дамыту мәселелері бойынша 15-ші жыл сайынғы салалық конференция басталды.

Құқықтық медиа орталығының директоры Диана Өкремова "масс-медиа туралы" заң жобасындағы жаңалықтарды әлемдік тәжірибемен салыстырды.

– Бүкіл әлемде бұқаралық ақпарат құралдарына субсидиялар плюрализмді дамыту мақсатында бөлінеді. Ал бізде мемлекет әлі де ақпараттық саланы толық бақылауы тиіс деп санайды. Жаңа заң белгілі бір ашықтықты қамтамасыз етуі мүмкін, бірақ мемлекеттік бюджеттік бақылау жүйесі қалады, - дейді сарапшы.

Media Qoldau құқықтық қызметінің басшысы Гүлмира Біржанова депутаттардан медиа қоғамдастықтың: мемлекеттік тапсырыс, таңбалау, журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа ұсыныстарын қолдауды сұрады.

Михаил Дорофеев

Михаил Дорофеев БАҚ саласындағы президенттік сыйлықтың лауреаты атанған, Қазақстан журналистика академиясының академигі болған, саланың игілігі үшін 25 жылдан астам уақыт еңбек еткен адам еді. Дорофеев 2021 жылдың 30 қаңтарында қайтыс болды.

Лұқпан Ахмедияров

Лұқпан Ахмедьяров Қазақстанда өз қызметі үшін бірнеше рет қудаланған журналист. Ол "Шекарасыз репортерлар" халықаралық құқық қорғау ұйымы берген Питер Маклер атындағы халықаралық сыйлықтың иегері. Ол бір кездері қарулы шабуылға ұшырап, 8 жерден пышақталып, травмативкалық қарудан 2 рет жарақат алған. Халықаралық деңгейде осыдан кейін мойындала бастады. Журналиске шабуыл жасау туралы қылмыстық іс бойынша сол кезде ұсталғандар тікелей және жанама түрде облыстық спорт басқармасының бастығы қызметін атқарған Мүслім Оңдағановды атаған еді. Бірақ шенеуніктің қылмысқа қатысы дәлелденбеген.

2009 жылы Ахмедияров "сотты құрметтемегені үшін" қамауға алынды. Судья Лұқпанның "бұл балаганға қатысқысы келмеймін" деген сөзіне реакция білдірген.

2011 жылы ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдум өткізу туралы бастамадан кейін Ахмедияров тағы ұсталды. 

Серіктес жаңалықтары