×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Ішкі істер министрі «Айка» тізімі қалай жарияланып кеткені жайлы сұраққа жауап берді

11.12.2023, 12:48
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың атышулы «Айка» тізіміне байланысты сұраққа берген жауабы жұтаң шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Аталған факт бойынша қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс аяқталғаннан кейін ақпарат береміз», - дейді Ержан Саденов мәжіліс кулуарында.

Тізімді кім таратуы мүмкін? Болжам бар ма? Бұл сұрақтарға жауап берген министр «болжам жоқтығын» айтады.

«Әлеуметтік желілерде осы ақпарат тарап кетті. Қызметтік тексеріс жұмыстарын бастап кеттік. Қазіргі таңда тексеріс жалғасуда», - дейді ол.

«Тізім жалған болуы мүмкін бе?» деген сұраққа берген жауабында Саденов сөзін қайталап, бәрін қызметтік тексеріске сілтеді.

Саденов “Айка тізімінің” таралуына полиция қызметкерлерінің кінәсі дәлелденсе, оларды 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұрғанын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде «элиталық эскорт» қызметін ұсынғандар мен клиенттердің жеке деректері көрсетілген «Айка тізімі» шу туғызған еді. Атышулы тізімнен Қазақстанға танымал адамдарды көруге болады.

Серіктес жаңалықтары